Accessibility links

Депутат: Жер мәселесі барлық аймақта бірдей өзекті емес


Атыраудағы жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы митинг. 24 сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Атыраудағы жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы митинг. 24 сәуір 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстанда әр аймақта жер кодексіне өзгерістер енгізу мәселесінің өзектілігі әрқалай деп мәлімдеді парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, баспасөз конференциясында сөйлеген Әбдіров президент Қазақстанда жер кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндірумен айналысатын комиссия құрамына кіретін қоғамдық кеңестерді кіргізу мәселесін қарастыру қажетін айтқан.

"Қазақстанда жер қатынастары мәселесі өзекті аймақтардағы қоғамдық кеңестер міндетті түрде кіруі тиіс. Бірақ біз оларға бұйыра алмаймыз. Дегенмен, мен бұл мәселені бұл қатынасқа ықпал ететін барлық субъектіні тарта отырып ашық, әділ қарастыруға тиіспіз деп ойлаймын. Себебі бұл мәселенің өзектілігі әр аймақта бірдей емес, әр түрлі. Бұндай мәселе көтерілмеген де аймақтар бар" деді Әбдіров.

Наурыздың соңында сол кездегі ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев үкімет биыл 1 шілдеден бастап елде ауыл шаруашылығы жерлерін азаматтарға жеке меншікке аукцион арқылы сату және шетелдіктерге жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отырғанын жариялаған еді. Сәуірдің 24-інен бері Қазақстанның бірнеше аймағында үкіметтің «жер сату» жоспарына қарсылық акциялары өтті. Белсенділер 21 мамырда бүкіл ел көлемінде «жер сатуға» наразылық шерулерін өткізетіні туралы мәлімдеген еді. Ал 6 мамырда үкіметтің кеңейтілген жиынында президент Нұрсұлтан Назарбаев жер кодексінің дау тудырған баптарының күшіне енуіне 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізген. Назарбаев бұған қоса мораторий аяқталғанға дейін жер кодексінің даулы баптарын түсіндіретін қомиссия құруды да тапсырған.

XS
SM
MD
LG