Accessibility links

FIFA "Ростов" командасын допинг күдігімен тексерді


Ресейдің "Ростов" футбол командасының ойыншылары.

Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) допингті анықтау жөніндегі сарапшылары ресейлік жетекші футобол командаларының бірі - "Ростов" ойыншыларынан спортшылар мельдоний қолданады деген күдікпен тексеру үшін жоспардан тыс сынама алды. "Ростов" командасының 11 ойыншысы "Динамо" клубын 1:3 есебімен жеңген ойыннан соң сынама тапсырды.

"Ростов" командасы өткен маусымда Ресей кубогын күтпеген жерден жеңіп алған, қазір маусым көшбасшысы "Динамодан" екі ұпайға ғана артта келеді. FIFA-ның бас медициналық сарапшысы Йири Дворак "Ростов" тыйым салынған мельдоний препаратына тапсырыс берді деген сыбыстан соң тексеріс жүргізуді өзі бастағанын мәлімдеді. Сынақ нәтижесі 16 мамырда жарияланады.

XS
SM
MD
LG