Accessibility links

Путиннің бұрынғы серігінің активі бұғауланады


Сергей Пугачев, Ресейдің қуғындағы миллиардері.
Сергей Пугачев, Ресейдің қуғындағы миллиардері.

Ресей Лондон сотының қуғындағы ресейлік миллиардер Сергей Пугачевтің активтерін, оның ішінде Франция Ривьерасындағы қымбат яхтасы мен жылжымайтын мүліктерін арестке алу туралы шешімін алғанын хабарлады. Ресей банкрот істері жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Пугачевтің бұған қоса Ниццедегі қамалы мен француз Альпісіндегі шағын үй-жайы да арестке алынған.

Сергей Пугачев бір кездері Кремльмен тым жақын байланыста болғандықтан "Путиннің банкирі" деген атпен белгілі болған. Ол кеме жасау өнеркәсібі мен банк саласында бизнес жасап, Ресейдегі ең бай адамдардың бірі болған. Ресей Федерация кеңесіне Тува облысынан сайланған бұрынғы сенатор Пугачев 2011 жылы президент Владимир Путиннің қудалауына ұшыраған соң Ұлыбританияға кетіп қалған.

Францияда қуғында жүргенде ол Мәскеумен соттасып, өткен жылы Гаагадағы арбитрлық сотқа Ресей үкіметінен "бизнесін тартып алғаны үшін" өтемақы ретінде 12 миллиард доллар төлеуді талап етіп шағым түсірген.

Ресей бұған жауап ретінде Пугачевті "алаяқтық жасады және қаржы жымқырды" деп айыптап, халықаралық іздеу жариялап, сырттай екі жылға соттаған.

Пугачев өзіне тағылған айыптарды терістейді. Бірақ сот Пугачевтің активтерін Ресейдің оған қарсы шағымдарына байланысты бұғаулаған.

XS
SM
MD
LG