Грузиядағы «Бақытты Грузия үшін» партиясының негізін қалаған Киев қаласының бұрынғы мэрі Леонид Черновецкий саяси қызметін біржолата доғаратыны туралы шешім қабылдаған деп хабарлайды Азаттықтың Грузин қызметі «Интерфакс» агенттігіне сілтеме жасап.
Партияның ресми өкілі Георгий Квривишвилидің айтуынша, Черновецкий саяси сахнадан кеткен соң партия да өз қызметін тоқтатады. Ол мұндай шешімнің себебі туралы мәлімдеме кейінірек жарияланады деген.
Леонид Черновецкийдің партия құрғаны 2015 жылы желтоқсанның басында белгілі болған еді.