Accessibility links

Алматыға Қазаннан құдай анасы бейнесі жеткізілді


Иверско-Серафимовский монастырындағы София соборына қойылған Қазан құдай анасы бейнесіне мінәжат етіп тұрған әйел. Алматы, 4 мамыр 2016 жыл.
Иверско-Серафимовский монастырындағы София соборына қойылған Қазан құдай анасы бейнесіне мінәжат етіп тұрған әйел. Алматы, 4 мамыр 2016 жыл.

Алматыға Ресейдің Қазан қаласынан құдай анасы бейнесі бірнеше күнге әкелінді. Православтар қасиетті санайтын Мәриям бейнесі мамырдың 14-16 және 18-21 күндері Иверско-Серафимовский монастырындағы София соборында, 22 мамырда – Никольск шіркеуінде болады. Қасиетті затты Қазақстанның кейбір қалаларына да апару жоспарланған. Мысалы, 17 мамырда оны Шымкентке жеткізбекші.

Қазан құдай анасы бейнесі Ресей правлослав шіркеуіндегі емдік қасиеті бар аса қастерлі заттардың бірі саналады. Православ дініндегі мұндай қасиетті заттарды Қазақстанға жылына бір-екі рет қана әкеледі. Былтыр Костромодан құдай анасы бейнесі, оның алдында Мәскеудегі ғибадатханалардың бірінен құдай анасы белдігінің жұрнағы әкелінген.

Бұл заттар сақталатын жерге елдің бәрінің аяғы жете бермейтіндіктен, ара-тұра оларды өзге елдер мен қалаларға уақытша алып шығады. Бұл жолы Қазан құдай анасы бейнесі ол қаладан тыс жерге алғаш рет шығарылып отыр. Алматы епархиясының ақпараты бойынша, Қазандағы православтардың бір бөлігі қасиетті затты қаладан шығаруға қарсы болған.

XS
SM
MD
LG