Accessibility links

Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті

Әйел көтеріп жүгіруден Қазақстан чемпионатына қатысушылар. Алматы, 15 мамыр 2016 жыл.
Әйел көтеріп жүгіруден Қазақстан чемпионатына қатысушылар. Алматы, 15 мамыр 2016 жыл.

Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты өтті. Халықаралық отбасы күніне орайластырылған бұл шараға ресми түрде некеде тұрған жұптар ғана қатысты.

Жарыс ережесі бойынша, мәреге дейін әйелін қалай жеткізу – қолға көтеріп немесе арқалап апару – қатысушының өз еркінде. Тек бір шарт – қатысушы мәреге бірінші болып жетумен бірге әйеліне зақым келтіріп алмауға тырысуы тиіс. Олай етпеген жағдайда қатысушыға айып есептеліп, ол жарыстан шығып қалуы да мүмкін. Сонымен бірге әйелдің салмағы 49 келіден кем болмауы керек, оған жетпеген жағдайда ер адам әйелімен бірге қосымша жүк көтеріп жүгіреді.

Әйелін көтеріп жүгіру чемпионаты (Wife carrying World Championship) Финляндиядағы Сонкаярви қаласында 1992 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Қазіргі кезде мұндай жарыстар Еуропа елдерінде, сонымен бірге Азия мен Америкада да тараған.

Алматыдағы жарыстан Азаттық фоторепортажы:

Әйел көтеріп жүгіру жарысы

Әйелін көтеріп жүгіруден Қазақстанның тұңғыш чемпионаты Алматыдағы Сайран көлінің<br />
шығыс жағалауында өтті.
1/13 Әйелін көтеріп жүгіруден Қазақстанның тұңғыш чемпионаты Алматыдағы Сайран көлінің
шығыс жағалауында өтті.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Әйелін көтеріп жүгірген ер азаматтарға жолда түрлі кедергілерді еңсеруге тура келді.&nbsp;Сонымен бірге әйелдің салмағы 49 келіден кем болмауы керек, оған жетпеген жағдайда, жарыс шарты бойынша, ер адам әйелімен бірге қосымша жүк көтеріп жүгіреді.
2/13 Әйелін көтеріп жүгірген ер азаматтарға жолда түрлі кедергілерді еңсеруге тура келді. Сонымен бірге әйелдің салмағы 49 келіден кем болмауы керек, оған жетпеген жағдайда, жарыс шарты бойынша, ер адам әйелімен бірге қосымша жүк көтеріп жүгіреді.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарысқа 28 ерлі-зайыптылар жұбы қатысты. Жарысқа қатысуға тіркелу үшін әр жұп өз неке куәлігін көрсетуі шарт.
3/13 Жарысқа 28 ерлі-зайыптылар жұбы қатысты. Жарысқа қатысуға тіркелу үшін әр жұп өз неке куәлігін көрсетуі шарт.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарыс ережесі бойынша, қатысушы мәреге бірінші болып жетумен бірге әйеліне зақым келтіріп алмауға мұқият тырысуы тиіс. Олай етпеген жағдайда қатысушыға айып есептеліп, ол жарыстан шығып қалуы мүмкін.
4/13 Жарыс ережесі бойынша, қатысушы мәреге бірінші болып жетумен бірге әйеліне зақым келтіріп алмауға мұқият тырысуы тиіс. Олай етпеген жағдайда қатысушыға айып есептеліп, ол жарыстан шығып қалуы мүмкін.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарысқа қатысушы жұп су кедергісінен өтіп келеді.
5/13 Жарысқа қатысушы жұп су кедергісінен өтіп келеді.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарысқа қатысушы үшін ең басты міндет &ndash; кедергілерге толы 253,5 метрлік қашықтықтан көтерген әйеліңді жерге құлатып алмай өтіп, мәреге жету. Мәреге дейін әйелін қалай жеткізетіні &ndash; қолға көтеріп немесе арқалап апару &ndash; қатысушының өз еркінде.
6/13 Жарысқа қатысушы үшін ең басты міндет – кедергілерге толы 253,5 метрлік қашықтықтан көтерген әйеліңді жерге құлатып алмай өтіп, мәреге жету. Мәреге дейін әйелін қалай жеткізетіні – қолға көтеріп немесе арқалап апару – қатысушының өз еркінде.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Бүгінгі шараны ұйымдастырушы Назар Мұхамеджан мен Дәрия Сексенбаева өз жарыстарын халықаралық отбасы күніне арнады. &laquo;Ерлер үйленгенге дейін берген сөзінде тұрып, әйелдерін қолдан түсірмей келеді&raquo; деп қалжыңдап қояды олар.
7/13 Бүгінгі шараны ұйымдастырушы Назар Мұхамеджан мен Дәрия Сексенбаева өз жарыстарын халықаралық отбасы күніне арнады. «Ерлер үйленгенге дейін берген сөзінде тұрып, әйелдерін қолдан түсірмей келеді» деп қалжыңдап қояды олар.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарыс барысында құлағандар да болды.
8/13 Жарыс барысында құлағандар да болды.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарысқа қатысушыларға автокөлік дөңгелектерінен жасалған кедергіден де өтуге тура келді.
9/13 Жарысқа қатысушыларға автокөлік дөңгелектерінен жасалған кедергіден де өтуге тура келді.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Кубки и медали ждут призеров первого чемпионата Казахстана по забегу с жёнами на плечах.
10/13 Кубки и медали ждут призеров первого чемпионата Казахстана по забегу с жёнами на плечах.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Жарысқа қатысқандар арасында жасы ең үлкен ерлі-зайыпталыр жұбы &ndash; Ольга (45 жас) және Виктор (48 жас) Ковалевтер. Екеуінің бірге шаңырақ көтергеніне 20 жыл болған. Айтуларынша, веложарыс, марафондарға жиі қатысады екен. &laquo;Мен бәлендей жылдам жүгірген жоқпын, себебі жұбайымды қолымнан түсіріп алмауға тырыстым, дегенмен бір рахаттанып қалдым&raquo; дейді Виктор Ковалев.
11/13 Жарысқа қатысқандар арасында жасы ең үлкен ерлі-зайыпталыр жұбы – Ольга (45 жас) және Виктор (48 жас) Ковалевтер. Екеуінің бірге шаңырақ көтергеніне 20 жыл болған. Айтуларынша, веложарыс, марафондарға жиі қатысады екен. «Мен бәлендей жылдам жүгірген жоқпын, себебі жұбайымды қолымнан түсіріп алмауға тырыстым, дегенмен бір рахаттанып қалдым» дейді Виктор Ковалев.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Тимур Оспанов пен Әйгерім Төлепбекова жарысты бір минут 56 секунд нәтижемен аяқтады. &laquo;Жарыс туралы екі күн бұрын естідік, мүлде дайындалған жоқпыз. Әйелім екеуміз спортпен шұғылданамыз, фитнеске барамыз, бүгін күшімізді сынап көрейік деп ұйғардық. Бізге барлығы ұнады, көңіліміз көтеріліп, бойымыз сергіп қалды&raquo; дейді Тимур. &laquo;Мен жұбайыма сенемін, сондықтан ешқандай қорқыныш сезімі болған жоқ&raquo; дейді Әйгерім.
12/13 Тимур Оспанов пен Әйгерім Төлепбекова жарысты бір минут 56 секунд нәтижемен аяқтады. «Жарыс туралы екі күн бұрын естідік, мүлде дайындалған жоқпыз. Әйелім екеуміз спортпен шұғылданамыз, фитнеске барамыз, бүгін күшімізді сынап көрейік деп ұйғардық. Бізге барлығы ұнады, көңіліміз көтеріліп, бойымыз сергіп қалды» дейді Тимур. «Мен жұбайыма сенемін, сондықтан ешқандай қорқыныш сезімі болған жоқ» дейді Әйгерім.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Әйелін көтеріп жүгіруден Қазақстан тұңғыш чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және жарысты ұйымдастырушылар. Бүгінгі жарыста мәреге бір минут 40 секундта жеткен ерлі-зайыпты Инна мен Тимур Жаңғабыловтар жеңмпаз атанды. Екінші орынды Иван және Ирина Галушкиндер (1 минут 46 секунд), үшінші орынды &ndash; Лилия мен Артём Шестаковтар (1 минут 49 секунд) иеленді.
13/13 Әйелін көтеріп жүгіруден Қазақстан тұңғыш чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері және жарысты ұйымдастырушылар. Бүгінгі жарыста мәреге бір минут 40 секундта жеткен ерлі-зайыпты Инна мен Тимур Жаңғабыловтар жеңмпаз атанды. Екінші орынды Иван және Ирина Галушкиндер (1 минут 46 секунд), үшінші орынды – Лилия мен Артём Шестаковтар (1 минут 49 секунд) иеленді.
Алматыда әйел көтеріп жүгіруден тұңғыш чемпионат өтті
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG