Accessibility links

Полиция: "Траффордта"табылған күдікті зат - жаттығу құрылғысы


Ұлыбритания полициясы "Олд Траффорд" стадионын тексеріп жүр. 15 мамыр 2016 жыл.
Ұлыбритания полициясы "Олд Траффорд" стадионын тексеріп жүр. 15 мамыр 2016 жыл.

Полицияның мәліметінше, Манчестердегі белгілі "Олд Траффорд" стадионында табылған күдікті зат жаттығуға арналған құрылғы болып шықты. 15 мамырда "Манчестер Юнайтед" пен "Борнмут" клубтары арасында өтуі тиіс матч кейінге қалдырылып, саперлер стадионды тексеріп шыққан. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, құрылғыны стадион территориясында қызметтік иттерді жаттықтырған жекеменшік компания қызметкерлері қателесіп туалетке қалдырып кеткен.

Кейбір ақпараттар бойынша, құрылғы "жарылғыш затқа расымен қатты ұқсаған". Стадионнан мыңдаған адам эвакуацияланып, ойын 17 мамырға қалдырылған.

Өткен аптада Ұлыбританияда заңсыз "Ирландия республика армиясы" тарапынан төнген арандатушылық қаупі "кәдімгідей" артқан.

XS
SM
MD
LG