Accessibility links

Шешенстан жоғарғы соты басшысы отставкаға кетті


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров.

Шешенстан жоғарғы сотының басшысы Магомед Каратаев республика президенті Рамзан Қадыровтың сынына ұшыраған соң қызметтен кетті. Каратаевтың кешірім сұрап, отставкаға кеткені туралы "Грозный" медиа компаниясы хабарлады.

Рамзан Қадыров осы айдың басында аймақтық судьяларды сынаған. Ол кезде екі судья мен Каратаевтың орынбасары отставкаға кеткен. Каратаевтың өзі "аймақ басшысын жаңылыстырған" деп, отставкаға кетуден бас тартқан. Енді Каратаевтың "сынды дұрыс қабылдап, өзін қызметінен босату туралы өтініш жазғаны" туралы ақпарат пайда болды.

Ресейлік "Новая газета" басылымында бірнеше күн бұрын жарияланған "Разделка влестей" деп аталатын мақалада шешенстандық судьялардың "өз ар-намыстары үшін соңғы айқасқа шыққанын" жазған. Мақалада Шешенстан прокурорының республика судьяларын әрбір ақтау үкімдері үшін судьялар мен адвокаттар жеке есеп беретінін ескерткен сөзі келтірілген.

XS
SM
MD
LG