Accessibility links

"Трибуна": Газетке қарсы сотқа шағым түсірді


"Трибуна" басылымының кезекті саны (Көрнекі сурет).
"Трибуна" басылымының кезекті саны (Көрнекі сурет).

Оппозициялық "Трибуна" газеті "Алматы Жарнама" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ЖШС) директоры Сұлтанбек Сыздықовтың атынан Алматының Медеу аудандық сотына басылым редакторы Жанболат Мамайдың үстінен моральдық шығын төлету туралы шағым түскенін хабарлады.

Басылым ақпаратына қарғанда, 13 мамырда Сұлтанбек Сыздықовтан Жанболат Мамай, журналист Денис Кривошеев және "Қалам" жеке кәсіпкерден tribuna.kz сайтында жарияланған мақалаға байланысты 15 миллион теңге моральдық өтемақы өндіріп беруді сұраған. Шағымданушы бұған қоса редакциядан сот шығыны ретінде қосымша 1 миллион теңге өндіруді сұраған.

"Трибуна" мәліметінше, Сыздықов шағымында басылымды "Алматы Жарнаманы" коррупционер басқара ма?" деп аталатын мақалада өзіне қатысты жалған ақпарат таратты деп айыптап, өзіне "моральдық-психологиялық соққы болды" деп атаған.

Азаттық Алматының Медеу аудандық сотынан "Трибуна" газетіне қатысты Сыздықовтың атынан шағым түскенін білмек болған. Соттың қабылдау қызметі әзірге Сыздықовтың атынан немесе Кривошеевтің я Мамайдың үстінен шағым тіркелмегенін айтты.

XS
SM
MD
LG