Accessibility links

Ресейдегі саяси аңду туралы зерттеу жарияланды


Павел Чиков, "Бақылаудағы Ресей" баяндамасы авторларының бірі.
Павел Чиков, "Бақылаудағы Ресей" баяндамасы авторларының бірі.

"Агора" халықаралық құқық қорғау тобы Ресейдегі саяси аңдуға арналған "Бақылаудағы Ресей" баяндамасын жариялады. Баяндамада 2007 жылдан қазірге дейінге белсенділер мен құқық қорғаушыларды аңду оқиғаларына талдау жасалды. Баяндаманы заңгерлер Дамир Гайнутдинов пен Павел Чиков дайындаған.

Зерттеу ақпарат құралдарындағы мәліметтерге және сот департаментінің статистикалық мәліметтері сияқты басқа да ашық дереккөзідеріне сүйеніп жасалған. Баяндамада аңду түрлері, оның ішінде теледондағы әңгімені тыңдау, аккаунтын бұзу, видео және аудио бақылау жасау, ішкі істер министрлігінің базасы арқылы жүріс-тұрысын бақылау жасалатыны айтылады.

Ең көп аңду жасалған 2014 жылы 177 аңду оқиғасы тіркелген. Баяндама авторлары мұны Ресей Қырымды аннексиялап алғаннан кейінгі Қырым татарларын жаппай тұтқындаумен байланыстырады. Ал талдау жасалған толық кезеңде 352 аңду оқиғасы тіркелген.

"Ресейде 2000 жылдардың ортасында кешенді бақылау жасау жүйесі құрылды. Негізінен саяси, азаматтық белсенділер мен құқық қорғаушыларға қатысты қолданылған бұл жүйе кейін жетілдіріліп отырды" дейді баяндама авторлары.

XS
SM
MD
LG