Экстремистік "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы Ирактағы территориясының жартысына жуығы - 45 пайызынан, ал Сириядағы территориясының бестен бірінен - 20 пайызына дейінгі жерінен айырылды деп мәлімдеді Пентагон баспасөз хатшысы Петер Кук. Биылғы жылдың басында ИМ-нің Иракта айырылған территориясы 40 пайыз, Сирияда айырылған территориясы 10 пайыз болған.
АҚШ пен Ирак күштері соңғы апталарда ИМ-нің қалай шегіне бастағанын, ұйым содырлары Бағдад пен басқа да елді мекендерде азаматтық нысандарға шабуылдар жасағанын бірнеше рет хабарлаған.
АҚШ әскерилері ИМ сонымен қатар кәдімгідей біраз қаржысы мен мұнайдан түсетін табысынан айырылғанын да айтады.
ИМ Ирактың Фаллуджа мен екінші ірі қаласы - Мосулды қайта бақылауғаалғанымен, жыл басынан бері Рамади мен Хит қалаларын бақылаудан айырылған.
ИМ Ирак пен Сирияда бақылаған территориясын негізінен 2014 жылы жазда басып алған еді.