Accessibility links

Талғарда "үнпарақ тарату фактісіне қатысты іс қозғалды


Манас Әбдіманап, "үнпарақ таратты" деген күдікпен полиция ұстаған Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны.
Манас Әбдіманап, "үнпарақ таратты" деген күдікпен полиция ұстаған Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны.

Талғарда 16 мамырда ұсталған тұрғын Манас Әбдіманап қылмыстық кодекстің 400-бабы («Жиналыс, митинг, пикет, көше жиындары мен демонстрацияларын өткізуді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін бұзу») бойынша қозғалған істе күдікті болып отыр. Қазір ол Талғар аудандық ішкі істер басқармасында, оған мемлекеттік адвокат берілген. Бұл турасында Азаттық тілшісі Талғар аудандық ішкі істер басқармасы мен Талғар аудандық прокуратурасына хабарласқаннан кейін білді.

«Ол Талғардағы қоғамдық орындарда үнпарақ таратып жүрген. Үнпарақта не жазылғаны белгісіз. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр» дейді Талғар аудандық прокуратурасының есімін таныстырмаған өкілі.

Талғар ауданы Бірлік ауылының тұрғыны, 1994 жылы туған Манас Әбдіманапты мамырдың 16-сы күні күндізгі сағат 12-де полиция үйінен алып кеткен болатын. Әбдіманаптың туысы Ерболат Әлқожаның айтуынша, не себепті ұстап жатқанын түсіндірмеген полиция өздерімен бірге Манастың телефоны мен ноутбугын да алып кеткен. Әлқожа інісінің Facebook әлеуметтік желісінде жер мәселесіне қатысты ойларын, жерді жалға беруге қарсылығын білдіріп жүргенін айтады.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG