Accessibility links

Шымкентте екі адам 15 тәулікке қамалды


Полиция көлігі. (Көрнекі сурет)
Полиция көлігі. (Көрнекі сурет)

Шымкенттік белсенді Жадыра Дүйсенбекова Азаттыққа 19 мамырға ауған түнгі 1:00 шамасында хабарласып, Шымкент қаласы әкімшілік сотының үкімімен 15 тәулікке сотталғанын хабарлады.

«Түнгі сағат 23:00-де қалалық әкімшілік сотында шұғыл сот отырысы деп менің ісім қаралды. Судья Ә. Бектұрғанов мені 15 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Facebook парақшасында 21 мамыр күні митинг болатыны туралы хабарламаны бөліскенім үшін сотталып отырмын. Дәл қазір мені қаладағы жазасын өтеу мекемелерінің біріне алып барады» деді Жадыра Дүйсенбекова.

Жадыра Дүйсенбекованың айтуынша, сот отырысына кіріп бара жатқанда шымкенттік белсенді Ибрахим Әлсеркенің сот отырысынан шығып бара жатқанын көрген. «Ибрахимнің өз аузынан естідім. Ол да «мені 15 тәулікке қамады» деді» дейді ол.

Қазақстанда кейінгі екі-үш күнде полиция қысымы күшейіп тұр. Билік қазақстандықтар жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы митингке шығады деп қауіптенеді. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы жерлерін сату және шетелдіктерге жалға беру жөнінде жер кодексіне енгізілген өзгерістерді жүзеге асыруға жыл аяғына дейін мараторий жариялады. Қазір жер реформасы бойынша құрылған комиссия заңды қайта қарап жатыр.

XS
SM
MD
LG