Accessibility links

Олланд: Египет ұшағы апатқа ұшырады


EgyptAir компаниясының Парижден Каирге ұшып шығып, жоғалып кеткен ұшағының маршруты. 19 мамыр 2016 жыл.
EgyptAir компаниясының Парижден Каирге ұшып шығып, жоғалып кеткен ұшағының маршруты. 19 мамыр 2016 жыл.

Франция президенті Франсуа Олланд Парижден Каирге ұшып шығып, жоғалып кеткен EgyptAir компаниясының ұшағы апатқа ұшырағанын мәлімдеді.

Египеттің мемлекеттік EgyptAir компаниясы бұған дейін 56 жолаушысы мен 10 экипаж мүшесі бар Airbus A320 ұшағы Египет әуе кеңістігіне кіргенде, Жерорта теңізі үстінде 11 мың метрден астам биіктікте радардан жоғалып кеткенін хабарлаған.

Франсуа Олланд ұшақ апатына қатысты "бір де бір болжамды жоққа шығармайтынын, бірақ қандай да бір болжамға басымдық беруге де болмайтынын" мәлімдеді.

Ұшақтағы жолаушылардың 30-ы египеттік, 15-і Франция азаматы, біреуі британдық.

Египет сыртқы істер министрлігі Францияға ұшақ апатына байланысты көңіл айту білдірді.

Грекия авиация саласының өкілдері елдің әуе қатынасын бақылау қызметі ұшақ жоғалардан бірнеше минут бұрын ұшақ экипажымен байланысқанын, ол кезде барлығы дұрыс болғанын мәлімдеді.

Қазір Египет пен Грекия құтқару қызметтері Грекияның Карпатос аралының оңтүстігіндегі теңізде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG