Accessibility links

EgyptAir ұшағының сынықтары табылды


EgyptAir компаниясының апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағы Париж әуежайында. 19 мамыр 2016 жыл.
EgyptAir компаниясының апатқа ұшыраған Airbus A320 ұшағы Париж әуежайында. 19 мамыр 2016 жыл.

CNN-ге берген сұхбатында Египет ұлттық әуе тасымалы қызметінің вице-президенті Жерорта теңізінде EgyptAir компаниясының жоғалған ұшағының сынықтары табылғанын мәлімдеді. Al-Arabya телеарнасы ұшақ апаты орнынан құрбан болғандардың денелері табылып жатқанын хабарлайды. Бірнеше сағат бұрын грек әскерилері Парижден Каирге ұшып шыққан ұшақ сынықтары Крит аралы маңынан табылғанын хабарлаған.

Ақ үй ұшақ апатына не себеп болғаны туралы ұйғарым жасауға әлі ерте екенін айтады. Дегенмен, Египет билігінің кейбір өкілдері ұшақ терактіден апатқа ұшырауы мүмкін дейді. Ұшақта экстремист болуы мүмкін деген ақпаратқа байланысты жолаушылар туралы мәліметтер тексеріліп жатыр.

Бұған дейін Франция президенті Франсуа Олланд ұшақ апатына қатысты болжамдардың барлығын жоққа шығаруға, бірақ бір де біріне басымдық беруге болмайтынын мәлімдеген. Ұшақта 56 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Жерорта теңізі үстінде 11 мың 300 метр биіктікте радардан жоғалған.

XS
SM
MD
LG