Accessibility links

Мәсімов пен Жээнбеков картопқа тыйымды жоюды талқылады


Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.
Кәрім Мәсімов, Қазақстан премьер-министрі.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Қырғызстан премьер-министрі Сооронбай Жээнбеков екі елдің ауыл шаруашылығы министрліктеріне "қырғыз картобын Қазақстанға жеткізуге салынған тыйымды жою мәселесін пысықтауды" тапсырды.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, Мәсімов пен Жээнбеков бүгін Ереванда Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдері үкіметі басшыларының жиыны аясында кездескен.

Тыйымды жою мәселесін пысықтауды Бішкекте қырғыз-қазақ үкіметаралық кеңесінің отырысы өтетін 8 маусымға дейін тапсырылған.

Мамырдың басында Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі Қырғызстаннан картоп тасымалдауға уақытша тыйым салған. Министрлік тыйым қырғыз картобынан жұмырқұрт түсу оқиғалары көбейгендіктен салынды дейді. Астананың мәліметінше, 2016 жылдың қаңтарынан бері жұмырқұрт түскен картоп жеткізген 79 оқиға тіркелген. Таяуда екі ел Астана мен Қордайда тыйымды алып тастау туралы келіссөз жүргізгенімен, одан еш нәтиже шықпаған.

2016 жылдың қаңтарынан бері Қазақстанға 1 мың 400 тонна картоп кіргізіліп, оның 113 тоннасы жұмырқұрт түсті деп кері қайтарылған.

XS
SM
MD
LG