Accessibility links

Құқық қорғаушы Шорманбаев ұсталғаны хабарланды


Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев.
Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев.

Алматыда бүгін құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаевты полиция қызметкерлері ұстап алып кетті. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. "Таңертең үйдің жанына ұстай алмай қалды. Ерте шығып кеткем. Сосын кеңсемнің жанына жетіп келіп ұстады. Не үшін ұстағанын айтқан жоқ. Әуелде жол-көлік оқиғасы бойынша деген. Кейін оны ұмытып, кеше құқық қорғау ақпараттық орталығы құрылғаны туралы хабарламам туралы айта бастады. Мені осы арқылы митингіге шақырды деп санайды" деп жазды Шорманбаев.

Амангелді Шорманбаевтың ұсталғанын Азаттыққа "Әділ сөз" заңгері Ганна Красильникова растады.

Бүгін сонымен қатар қарағандылық белсенді Айтқожа Фазылдың да ұсталғаны хабарланды. Белсенді Ғалым Ақылбековтің Facebook-те хабарлауынша, Фазылов өзін екі полиция қызметкері мен тағы екі адам көлікпен алып кеткенін телефонмен хабарлап үлгерген.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда жер мәселесіне қатысты бүкілқазақстандық митинг өтуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған.

XS
SM
MD
LG