Accessibility links

Алматының орталығына жиналған бірнеше адамды полиция ұстады


Полиция Республика алаңы маңына жиналғандарды ұстап жатыр. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.
Полиция Республика алаңы маңына жиналғандарды ұстап жатыр. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Алматыда Республика алаңы жанында, Фурманов пен Сәтбаев көшелерінің қиылысында сағат 11 шамасында жиналған бірнеше адамды полиция ұстады.

Оқиға орнынан Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сағат 11-лер шамасында қиылыстағы ЕTerrace кафесінің жанына отыз шақты адам жиналған. Полиция оларды кіргізбей, тарауын сұрап, ескерту жасаған. Жиналғандар тарамаған соң полиция 5-6 адамды ұстап, күштеп көлікке отырғызды.

Бүгін таңертеңнен Республика алаңын полиция қоршап, алаңға ешкімді кіргізбей тұр.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда жер мәселесіне қатысты бүкілқазақстандық митинг өтуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған. Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов жұма күні жасаған ресми мәлімдемесінде «заңсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру я оған қатысу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке апарып соқтыратыны» туралы ескерткен.

XS
SM
MD
LG