Accessibility links

Алматыда Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлын полиция ұстады


"Сарыарқа" кинотеатры маңында ұсталғандарды Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына әкелді. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.
"Сарыарқа" кинотеатры маңында ұсталғандарды Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына әкелді. Алматы, 21 мамыр 2016 жыл.

Алматыда бүгін "Сарыарқа" кинотеатры артындағы алаңда Азаттық тілшісі Асылхан Мамашұлы мен бірнеше адамды полиция ұстап, Әуезов аудандық ішкі істер басқармасына алып барды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оларды саябақ алаңына кіреберісте ұстаған. Полиция қызметкерлері Азаттық тілшісі мен жиналғандарды не үшін ұстағанын айтпаған. Ұсталғандар арасында "Жас Алаш" газетінің фото тілшісі Асылхан Әбдірайым да бар.

"Сарыарқа" кинотеатрының маңын бүгін таңертеңнен полиция қызметкерлері мен арнайы полиция жасағы қоршап, кинотеатр артындағы алаңға ешкімді өткізбей тұр.

Бұған дейін алматылық белсенділер Алматы әкімдігіне 21 мамыр күні "Сарыарқа" кинотеатры артындағы алаңда жер мәселесіне қатысты митинг өткізуге рұқсат сұрап, хат тапсырған. Билік ол жерде басқа шара жоспарланғанын айтып, шеруге рұқсат бермеген.

XS
SM
MD
LG