Accessibility links

Оралда да Азаттық тілшісін полиция ұстады


Азаттықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Санат Орын Әли.
Азаттықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Санат Орын Әли.

Оралда қалалық әкімдік жанынан Азаттықтың Батыс Қазақстан облысы бойынша тілшісі Санат Орын Әлиді полиция ұстап, Абай полиция бөлімшесіне алып кетті.

Тілшіміздің хабарлауынша, оған өзін Страмоусов деп таныстырған полиция қызметкері журналисті не үшін ұстағанын айтудан бас тартып, барлығын полиция бөлімшесінде түсіндіретінін мәлімдеген.

Бүгін Шымкент, Алматы, Астана қалаларында полиция Азаттық тілшілерін ұстап, полицияға әкетіп жатыр. Полиция қызметкерлері оларға не үшін ұстағанын түсіндірмейді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде 21 мамырда жер мәселесіне қатысты бүкілқазақстандық митинг өтуі мүмкін екені туралы ақпараттар тараған.

XS
SM
MD
LG