Accessibility links

Атырау мен Жаңаөзенде бірнеше адам ұсталғаны хабарланды


Атырау көшелеріндегі полиция мен тұрғындар. 21 мамыр 2016 жыл.
Атырау көшелеріндегі полиция мен тұрғындар. 21 мамыр 2016 жыл.

Атырау мен Жаңаөзен қалаларына кіреберіс жолдарда бүгін тексеріс күшейіп, екі қалада көпшілік орындарда екі-үш адамның басы қосылғандарды полиция ұстап әкетіп жатыр. Кейбір ақпараттарға қарағанда, Атырауда бүгін ондаған адам ұсталған. Қалада полиция көліктері қарауылда жүр. Қалаға кіреберіс жолдарда қалаға кіретін көліктерді тексеру күшейді.

Махамбет ауданына Атырауға келе жатқан тұрғын Зинат Орынбасарованың Азаттық тілшісіне айтуынша, қалаға кіре берісте ол келе жатқан көлікті полиция қызметкерлері тоқтатып, прокуратураға апармақ болғанымен, одан бас тартқан. Ол қалаға кіреберісте көптеген көлікті полиция тоқтатып тұрғанын айтты.

Жаңаөзендік әйел Нұрсұлу Отарбаеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, жаңаөзендік тұрғын, "Круз" мұнай сервисі компаниясының қызметкері Шолпан Өтекеваны тағы бір тұрғын Айгүл Мазақбаевамен бірге үйінен полиция қызметкрелері ұстап, қалалық ішкі істер басқармасына апарған.

Жаңаөзендегі "ӨзенМұнайГаз" компаниясының мұнайшысы Күнсұлу Әйтішеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, өзін таңертеңгі сағат 7-де үйінен алып кеткен.

Бұдан екі күн бұрын Жаңаөзен прокурорының орынбасары Мақсат Күшбаев Өтекееваны "рұқсат етілмеген" митингіні ұйымдастырмауды ескертіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескерткен. Өтекеева ешкімді митингіге шақырмайтынын, бірақ өзінің азаматтық ұстанымына сай митингіге баратынын мәлімдеген. Шолпан Өтекееваның күйеуі Дүйсен Нұров 2011 жылы желтоқсанда Жаңаөзенде полицияның демонстрацияны күшпен таратуы кезінде жараланған.

XS
SM
MD
LG