Accessibility links

ЕҚЫҰ журналистерді ұстауды айыптады

Әуезов аудандық ішкі істер бөлімінде бірнеше сағат еріксіз отырып шыққан журналистер. Алматы қаласы, 21 мамыр 2016. (Сурет "Жас Алаш" газетінің тілшісі Асылхан Әбдірайымұлының Facebook парақшасынан алынды).

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович бүгін Қазақстанда ақпарат құралдары өкілдерін жаппай ұстауды айыптап, билікті оларды босатуға шақырды.

Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Шымкент пенОралда ондаған журналист ұсталғанын айтқан ЕҚЫҰ ел билігінің бұл ісін "журналистердің бостандығы мен қауіпсіздігіне зор кесір" деп сипаттады. Ұйым Азаттық сайтының ашылмай қалуын да атап өткен.

Бүгін Азаттықтың Алматыдағы тілшілері Асылхан Мамашұлы мен Нұртай Лаханұлы және Вячеслав Половинко, Астанадағы тілшілері Ержан Әмірхан мен Мәди Бекмағанбет, Атыраудағы тілшісі Сәния Тойкен, Шымкенттегі тілшісі Дилара Иса да ондаған азаматтармен бірге полицияға ұсталып, босап шыққан

XS
SM
MD
LG