Accessibility links

Оралдық журналист Тамара Еслямоваға айыппұл салынды


"Уральская неделя" басылымының редакторы Тамара Еслямова.
"Уральская неделя" басылымының редакторы Тамара Еслямова.

Оралдағы "Уральская неделя" басылымының редакторы Тамара Еслямова әкімшілік кодестің 488-бабы 3-бөлімі бойынша "митинг ұйымдастырғаны үшін" айыпты болып, айыппұл төлеу жазасына кесілді.

Тамара Еслямова бүгін қала орталығына бара жатқан он шақты адаммен бірге ұсталған. Полицияда 8 сағаттай отырып, одан соң әкімшілік сотқа жеткізілген журналиске судья Роза Сариева 50 айлық есептік көрсеткіш (106 мың теңге) көлемінде айыппұл кесті.

"Жер мәселесіне байланысты митинг өтеді" делінген 21 мамыр күні елдің бірнеше қаласында көшеге шыққан ондаған адамды полиция ұстап әкетіп, көбін кейін босатқан. Ұсталып босағандардың арасында Азаттық тілшілері де болды.

XS
SM
MD
LG