Accessibility links

Назарбаев Қытайға сапармен бармақ


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин . Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Қытай президенті Си Цзиньпин . Пекин, 31 тамыз 2015 жыл.

Қазақстан мен Қытай сыртқы істер министрлерінің Алматыдағы кездесуінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Үлкен жиырмалық» кездесуіне қатысу үшін биыл қыркүйекке жоспарланып отырған Қытайға сапары және сол елдің премьері Ли Кэцянның Қазақстанға сапарына дайындыққа көңіл бөлді деп хабарлады бүгін Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Ерлан Ыдрысов пен Ван И 21 мамырда Алматыда кездескен. Мамырдың 23-24 аралығында Ташкентте өткелі отырған Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдер сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына бара жатқан Қытай ресми өкілі Алматыға аялдаған.

Қазақстан мен Қытай министрлері кездескен сенбі күні Алматыда бірнеше жүз адам ауылшаруашылық жерін жекешелендіругге және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсылық білдіріп, бейбіт шеру өткізуге әрекет жасады. Бұл күні Қазақстанның бірнеше қаласында көптеген азаматтар, солардың қатарында белсенділер мен журналистерді полиция ұстаған.

XS
SM
MD
LG