АҚШ Вьетнамға енгізген қару-жарақ эмбаргосын толық жояды. 23 мамырда Вьетнам астанасы Ханойда сөйлеген АҚШ президенті Барак Обама эмбаргоны жою АҚШ-тың бұрынғы қарсылас елмен қарым-қатынасты қалпына келтіру және "қырғи-қабақ соғыс қалдықтарын" жою үшін жасалғаны мәлімдеді. Эмбарго ондаған жыл бойы Вьетнамға қару-жарақ сатуға тыйым салып келген. Эмбаргоның бір бөлігі 2014 жылы алынған еді.
Обама Вьетнамға АҚШ-тың Қытайдың аймақтағы ықпалының артуын "теңшеу" стратегиясы ретінде Вьетнаммен байланысын дамыту аясында сапарлап отыр.
Обаманың Вьетнамға сапары басында Қытайдың ресми Xinhua агенттігі АҚШ-тың Вьетнаммен қарым-қатынасын нығайтуы "үшінші елге қауіп төндіру, тіпті зардап шектіру құралы ретінде" пайдаланылмауы тиіс деп мәлімдеген.