Accessibility links

Сирияда екі қалада жарылыстардан 70 адам қаза тапты


Тартустағы жарылыс болған ауданнан көтерілген түтін. Сирия, 23 мамыр 2016 жыл.
Тартустағы жарылыс болған ауданнан көтерілген түтін. Сирия, 23 мамыр 2016 жыл.

Сириялық құқық қорғаушылар президент Башар Асад билігі бекінген екі қалада бірнеше жарылыс болып, 70-тен астам қаза тапқанын хабарлады.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights ұйымының хабарлауынша, 23 мамырда Жерорта теңізі жағалауындағы Тартус қаласында үш жарылыс болған. Тартуста Ресейдің шағын әскери кемелері орналасқан.

Сонымен қатар Тартустан солтүстікке қарай 60 километр қашықтықтағы Джаблех қаласында төрт жарылыс болды. Жарылыстардың кейбірін жанкештілер жасаған.

SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі Тартустағы жарылыста автобус аялдамасы, Джаблехтегі жарылыста ғимарат, оның ішінде аурухана нысанаға алынғанын ххабарлады.

Бұл екі қала да салыстырмалы түрде алғанда Сириядағы соғыс қимылдарынан оқшаулау орналасқан.

Ақпан айында Ресей мен АҚШ-тың ара ағайындығымен бітім жасалғанымен, кейін ол бұзылған.

XS
SM
MD
LG