Accessibility links

Қазақстандағы педофилдер туралы мәліметтер жарияланды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық көрсетті деген айыппен сотталғандар туралы ақпараттардың онлайн-базасы ашылды. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылады.

"Құқық қорғау органдарының назарына түскен педофилдердің қайда жүргенін анықтау жаңа қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді" делінген комитет мәлімдемесінде. Онлайн базада сотталғандардың аты-жөні, қай жылы сотталғаны, жазасын қашан өтеп шыққаны, қай жерде тұратыны, тіркелгені туралы мәліметтер бар.

Қазақстанда өткен айда "адамды жыныстық зорлықтан сақтандыру" мақсатында педофилдерді химиялық кастрация жасау туралы заң қабылданған.

XS
SM
MD
LG