Accessibility links

Ахмад Джаннати Иран сарапшылар кеңесінің басшысы болды


Иран Сарапшылар кеңесінің басшысы болып сайланған аятолла Ахмад Джаннати. Тегеран, 24 мамыр 2016 жыл.
Иран Сарапшылар кеңесінің басшысы болып сайланған аятолла Ахмад Джаннати. Тегеран, 24 мамыр 2016 жыл.

Иранның Сарапшылар кеңесі 90 жастағы консерватор аятолла Ахмад Джанннатиді кеңес басшысы етіп сайлады. Сарапшылар кеңесі Иран рухани көсемінің қызметін бақылау, оны қызметке тағайындау, қызметтен босату өкілеттігіне ие.

Сарапшылар кеңесінің 88 мүшесі Джаннатиді 24 мамырда инаугурациядан кейін сайлады. Сарапшылар кеңесі мүшелері негізінен діни дәрежесі бар, жасы келген діни ғұламалардан тұрады.

Ахмад Джаннати Иран президенті Хассан Роухани мен оның Батыс елдерімен қарым-қатынасты жақсарту арқылы Иранды әлемдік оқшауланудан босату саясатын ашық сынайды.

Джаннати сонымен қатар парламент сайлауында жүздеген реформашыл кандидатты тіркеуден алып тастаған Иран конституциялық қадағалау кеңесін де басқарады.

Сарапшылар кеңесі Иран рухани көсемі, кейбір мәлімететр бойынша денсаулығы сыр бере бастаған 77 жастағы аятолла Әли Хаменейдің мұрагерін таңдайды деген болжам бар.

XS
SM
MD
LG