Accessibility links

"Талибанның" жаңа басшысы тағайындалды


"Талибанның" АҚШ әуе шабуылынан қаза тапқан басшысы Мулла Ахтар Мансур.
"Талибанның" АҚШ әуе шабуылынан қаза тапқан басшысы Мулла Ахтар Мансур.

Ауғанстандағы "Талибан" қозғалысы бұрынғы басшысы Мулла Ахтар Мансурдың өткен аптада АҚШ дронды аппаратынан жасалған шабуылдан қаза тапқанын растады.

"Талибанның баспасөз хатшысы Забиулла Муджахид қозғалыстың жаңа басшысы болып Мансурдың екі орынбасарының бірі Мулла Хайбатулла Ахундзаданың тағайындалғанын хабарлады. Хайбатулла "Талибанның" сот жүйесінің бұрынғы басшысы болған.

Сонымен қатар оның орынбасарлары болып соңғы Сиражуддин Хаккани мен "Талибанның" бұрынғы басшысы Мулла Мохаммад Омардың ұлы Мулла Мохаммад Якуб сайланған.

Муджахид Хайбатулланың "Талибан" жетекшілерінің жиынында таңдалғанын айтты.

Мансур 21 мамырда Пәкістанда көлігіне жасалған АҚШ әскерилерінің әуе шабуылынан қаза тапты.

"Талибан" содырлары 2001 жылдан бері Ауғанстан үкіметімен күресіп келеді.

XS
SM
MD
LG