Accessibility links

АҚШ Израильдің жаңарған үкіметінің құрамына назар аударды


«Израиль біздің үйіміз» партиясы жетекшісі Авигдор Либерман.
«Израиль біздің үйіміз» партиясы жетекшісі Авигдор Либерман.

Вашингтон Израиль үкіметіндегі соңғы тағайындауларға байланысты «қисынды мәселелер» туындап отырғанын айтады. Бақылаушылардың айтуынша, Израиль тарихында осы уақытқа дейін қазіргідей оңшыл және ұлтшылдардан құралған министрлер кабинеті болған емес.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде Израиль үкіметі құрамына мүшелікке кандидаттар арасында Таяу Шығыстағы жанжалды шешу жолы ретінде ұсынылған «екі мемлекет идеясын» (Израиль және тәуелсіз Палестина) қолдамайтындар бары айтылған. Сонымен бірге мәлімдемеде АҚШ Израильдің қауіпсіздігін қуаттайтын ел болып қалатынын және болашақ министрлер кабинетіне «оның ісі бойынша» баға беретінін білдірген.

Израиль үкіметіндегі соңғы ауыс-түйіс нәтижесінде биліктегі коалиция қатарына «Израиль біздің үйіміз» оңшылдар партиясы енбек, ал партияның негізін қалаушы әрі лидері Авигдор Либерман қорғаныс министрі болып тағайындалған. Үкімет жетекшісі болып Биньямин Нетаньяху қала бермек. Бұған дейін АҚШ президенті Барак Обама премьер Нетаньяхудың жүргізіп отырған саясаты палестиналықтармен бейбіт келіссөздерді қалпына келтіруді қиындатып отыр деп бірнеше рет сынаған.

XS
SM
MD
LG