Accessibility links

Алматыда USAID-тың ВИЧ дертіне қарсы жобасы таныстырылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

СПИД-ке қарсы күрес және дерттің алдын алу жөніндегі республикалық орталықтың мәліметі бойынша, 2016 жылдың басында Қазақстан бойынша ВИЧ белгісі анықталған 17 726 адам тіркелген. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) Орталық Азиядағы ВИЧ жөніндегі аймақтық жобасы таныстырылымы кезінде айтылды.

СПИД-ке қарсы күрес және дерттің алдын алу жөніндегі республикалық орталықпен әріптестік меморандумын бекіткен USAID-тың «Флагман» жобасының ақпаратына сәйкес, қауіпті вирус негізінен тамырына инемен есірткі салған кезде (50,1 пайыз) және жыныстық қатынас (44 пайыз) арқылы жұғады.

USAID мәлімдемесінде «Флагман» жобасының мақсаты – Орталық Азия елдеріндегі ВИЧ дертіне қарсы күрес екені айтылған. Авторларының айтуынша, бұл жоба БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі бағдарламасы стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады. Ол стратегия бойынша, 2020 жылға қарай ВИЧ дерті анықталған адамдардың 90 пайызын антиретровирустық терапиямен қамту көзделген.

XS
SM
MD
LG