Accessibility links

Путин Джон Элтонмен гейлер құқығын талқылауға кездеспейді


Британдық поп әнші Элтон Джон.
Британдық поп әнші Элтон Джон.

Ресей президенті Владимир Путин Ресейге сапарлап келетін британдық поп әнші Элтон Джонмен "жұмыс кестесі сәйкеспейтіндіктен" кездеспейді деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің айтуынша, Путин бұған дейін Джон Ресейдегі гейлер құқығына қатысты мәселелерді талқылау үшін өзімен кездесуді сұраған соң кездесуге дайын болған.

"Егер жұмыс кестесі сай келсе, кездесу болады деген келісім болғаны рас. Өкінішке орай, бұл жолы кездесу болмайды.... Олардың жұмыс кестесі бір-біріне келіңкіремейді. Бірақ бұл кездесу келесі, басқа кезде де болмайды деген сөз емес" деді Песков.

Путин 2013 жылы кәмелетке толмағандар арасында гомосексуализмді насихаттауға тыйым салатын гейлерге қарсы даулы заң қабылдаған.

Өзінің гей екенін жасырмайтын Джон 30 мамырда әлемдік туры аясында Мәскеудегі таңдаулы сауда ойын-сауық орталығында концерт бермек.

Путин 27 мамырда Грекияға барып, 28 мамырда осы ел премьер-министрі Алексис Ципраспен кездеседі және православ христиандарының киелі жерлеріне барады.

XS
SM
MD
LG