Армения қорғаныс министрі Сейран Оханян Армения қарулы күштері мен Таулы Қарабақтағы этникалық армяндар таяуда Армения мен Әзербайжан президенттері Венада жасасқан келісімді орындап отырғанын мәлімдеді.
Әзербайжан мен Армения президенттері Ильхам Әлиев пен Серж Саргсянның арасында 16 мамырда жасалған келісім Таулы Қарабаққа қатысты бейбіт келіссөзді қайта бастау үшін әлсіз бітімді күшейту үшін жасалған. Венадағы кездесуде Әлиев пен Саргсян келісімнен өзге Таулы Қарабақта Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) бақылау миссиясы санын көбейтуге уағдаласқан. Таулы Қарабақта қазір ЕҚЫҰ-ның алты бақылаушысы ғана бар.
Армения сыртқы істер министрі Эдвард Налбандян 26 мамырда ЕҚЫҰ-ның іс басындағы төрағасы өкілі Анджей Каспршикпен кездескен.
Әзербайжан сыртқы істер министрі Эльмар Маммадьяров 31 мамырда Брюссельде ЕҚЫҰ-ның келісімге ара ағайындық жасаушы өкілдерімен кездеседі. Ал Налбандян ЕҚЫҰ өкілдерімен 2 маусымда Парижде кездеседі.