Қазақстан ішкі істер министрлігі (ІІМ) полиция журналистер құқығын сақтауға нұсқау берді. Министрлік баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ішкі істер министрі полицияға "кәсіби қызметін орындап жүрген журналистердің құқығын мүлтіксіз сақтауға" нұсқау берген. Министрлік баспасөз хатшысы Алмас Саудабаев тапсырма "қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу кезінде жіберілген кемшіліктер бойынша" өткен жиналыс кезінде берілгенін айтады.
Саудабаев көпшілік жиыннан хабар тарататын журналистердің қызметтік куәлігі мен бейджигі болуы тиіс екенін ескертті. Ол журналистерде мүмкіндігінше "Пресса", "БАҚ" сияқты өз қызметі мен мәртебесін білдіретін жеңге таңғышы, бас киім, жилет сияқты айырым белгілері болуы керегін де айтты.
ІІМ 21 мамыр - полиция бірнеше қалада "жер мәселесіне" қатысты жиынға келгендерді жаппай тұтқындаған кезде журналистерді де ұсталуын "түсінбестіктен болды" деп мәлімдеген. Сол күні полиция Азаттықтың Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Орал қалаларындағы орталықтарынан хабар таратпақ болған тілшілерін ұстаған.
"Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау ұйымының мәліметінше, 21 мамырда 50-ден астам журналист ұсталған. Ұсталған журналистер сол күні бірер сағаттан соң босатылған.