Accessibility links

Украина президенті ресейлік бірқатар БАҚ басшыларына санкция жариялады


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко «елдің егемендігі мен территориясының біртұтастығы, ұлттық мүддесі мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін және террористік іс-әрекетке септесетін» хабарлар тарататын бірқатар ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары басшыларына қатысты санкция жариялау туралы жарлыққа қол қойды.

Санкция тізіміне енгізілген 17 адамның арасында ресейлік «Первый канал» телекомпаниясының бас директоры Константин Эрнст, Novorus.info сайтының бас редакторы Андрей Сурков, «Правда.Ру» холдингінің меншік иесі Вадим Горшенин, ТАСС ақпараттық агенттігі бас директоры Сергей Михайлов, LifeNews телеарнасының бұрынғы бас директоры Ашот Габрелянов, Russia Today телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян бар.

Украина министрлер кабинетіне елдің қауіпсіздік қызметімен бірлесіп шектеу шараларын қамтамасыз ету жүктелген. Украина сыртқы істер министрлігіне Еуропа Одағы, АҚШ және өзге елдерді санкция енгізілгені жөнінде хабардар етіп, осындай шектеу шараларын қолдану туралы ұсыныс жасау тапсырылған.

Сонымен бірге Петр Порошенконың жарлығымен 2015 жылы қыркүйекте Украинаға кіруіне тыйым салынған 29 журналистке қатысты енгізілген санкция алынып тасталған.

XS
SM
MD
LG