Испаниялық «Реал» футбол клубы ойыншылары чемпиондар лигасын ұтты. Сенбі күні Миландағы «Сан-Пиро» стадионында өткен финалда «Реал» өз отандасы «Атлетико» командасын жеңді.
Ойынның негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған соң, жеңімпазды анықтау үшін матч соңында пенальти тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша, «Реал» ойыншылары бәсекелестерінен 5:3 есебімен басым түсті.
Осылайша мадридтік «Реал» командасы өз тарихында чемпиондар лигасының 11 мәрте жеңімпазы атанды.