Accessibility links

Новак: Ресей Беларуське газды бұрынғы бағасымен сатады


Ресей энергетика министрі Александр Новак.
Ресей энергетика министрі Александр Новак.

Ресейдің биыл Беларусь еліне сататын газ бағасы қазіргідей әр текше метрі үшін 142 доллар деңгейінде қалатын тәрізді. Ресей энергетика министрі Александр Новактың мәлімдемесі осыған меңзейді деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Новак Ресей мен Беларусь арасында 2015-2016 жылдарға арнап жасалған қолданыстағы келісімді «ешкім жоймағанын» айтып, Ресей тарабы Беларусь 2016 жылы да газды былтырғы баға бойынша сатып алады деп санайтынын мәлімдеген.

Бұған дейін Минск өз есептеулеріне сүйеніп, Ресей рублінің бағамы долларға шаққанда арзандағанына байланысты Мәскеуден газдың текше метрінің бағасын 73 долларға дейін түсіруді талап еткен.

Ресейдің мәлімдеуінше, жыл басынан бері Беларусьтің ресейлік «Газпром» компаниясына қарызы 125 миллион доллардан асқан. Беларусь билігі ол қарызды мойындаудан бас тартып отыр.

XS
SM
MD
LG