Маусымның 8-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Intelsat-DLA2 байланыс спутнигін тіркеген, «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру жоспарланып отыр деп хабарлайды «Новости-Казахстан» агенттігі.
Бұған дейін жергілікті баспасөз құралдары «Протон-М» зымыранын ұшыру әуелгіде 28 мамырға жоспарланып, кейін 31 мамырға шегерілгені туралы ақпарат таратқан еді.
«Протон-М» зымыран тасығышына тиелген ғарыш аппаратын АҚШ-тың IntelsatS.A спутниктік байланыс операторының тапсырысы бойынша америкалық Space Systems Loral компаниясы жасаған. Жасанды жер серігі Латын Америкасы елдеріне 15 жыл бойы телехабар тарату қызметін көрсетеді деп хабарланған.