Accessibility links

Болгария Грекиядан өтіп келген мигранттарды қайтарды


Грекиядағы мигранттар. Мамыр 2016 жыл.
Грекиядағы мигранттар. Мамыр 2016 жыл.

Болгария Грекия арқылы жүк пойызымен жеткен мигранттарды кері қайтарды. Мигранттардың арасында 56 ауғандық бар. Алда 40 сириялық пен ирак азаматынан тұратын тағы бір топ мигрант қайтарылмақ.

Болгария мигранттар дағдарысы басталғаннан бері мұндай ауқымды операцияны бірінші рет жүргізіп отыр.

"Біз мигранттар арқылы ақша тауып отырған тасымалдаушыларға маңызды ескертпе жасадық" деп мәлімдеді Болгария ішкі істер министрі Румяна Бачарова.

Грекия мен Македония шекаралары қазір мигранттарға жабық. Осыған байланысты Болгария "мигранттар территориямызды Еуропаның солтүстігіне өтетін транзит ретінде пайдалана бастауы мүмкін" деп қауіптенеді.

Грекия-Болгария шекарасының ұзындығы 500 километрді құрайды.

XS
SM
MD
LG