Сенегалда өтіп жатқан арнайы трибунал Чадтың бұрынғы президенті Хиссен Хабрені адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп айыптап, өмір бойы түрмеде отыру жазасын кесті. Сот Хабре 1982-1990 жылдары билікте болғанында өзінің саяси бәсекелестерін азаптап, өлтіруге жауапты деп таныды.
Құқық қорғаушылар мәліметінше, Чадтың бұрынғы президенті 40 мыңнан астам адамның өліміне кінәлі. Хабренің билігін сынайтындар оны жасаған қылмысы үшін "африкалық Пиночет" деп атайды.
BBC-дің хабарлауынша, Хиссен Хабре өзіне тағылған айыптарды мойындамайды. Ол 15 күн ішінде үкімге шағымдана алады.
16 жыл ішінде Хабренің құрбаны болғандаер мен құқық қорғаушылар оны Сенегал сотына беруге күрес жүргізген. Хабре 1990 жылы Чадта болған мемлекеттік төңкерістен соң Сенегалға қашып кеткен еді.