Accessibility links

Долинкадағы репрессия құрбандарын еске алу митингісіз өтті


Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы алдындағы гүл қою рәсімі. Долинка кенті, Қарағанды облысы, 31 мамыр 2016 жыл.
Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайы алдындағы гүл қою рәсімі. Долинка кенті, Қарағанды облысы, 31 мамыр 2016 жыл.

Қарағанды облысының совет кезеңінде ГУЛАГ галерлер жүйесі орналасқан Долинка кентінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні митинг болмады. Жыл сайын 31 мамырда митинг болатын еске алу шарасы бүгін жергілікті мұражай алдында елеусіз ғана өтті.

Бір кездері бұрынғы Қарлаг басқармасы орналасқан қуғын-сүргін құрбандары мұражайы алдындағы алаңға микрофондар қойылмады. Бұрын мұнда микрофон қойылып, оған сөйлегісі келгендер жақын келіп сталиндік қуғын-сүргін мен өз қуғынға ұшыраған отбасы, әулеттерінің тарихы туралы баяндайтын.

Мұражай қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі еске алуда негізінен билік өкілдері мен қуғынға ұшырағандардың аз ғана ұрпақтарының қатысуымен салтанатты түрде гүл шоқтарын қоюмен шектелу туралы шешім қабылданған. Жиналғандардың көпшілігі гүл Долинкадағқойған соң тарап кетті, кейбірі мұражайға кірді. Бүгін - мұражайда ашық есік күні деп жарияланған.

Долинка кентіне кіреберісте патруль көліктері тұр. Кенттің өзінде қуғын-сүргін құрбандары мұражайының маңы мен мұражайдың ішінде полиция қызметкерлері жүр.

XS
SM
MD
LG