Accessibility links

Әлемдік діндер съезінің сыйлығы тағайындалмақ


Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жетекшілері съезі хатшылығының 15-отырысы. Астана, 1 маусым 2016 жыл
Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жетекшілері съезі хатшылығының 15-отырысы. Астана, 1 маусым 2016 жыл

Астанада бүгін әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съезі хатшылығының 15-отырысы өтіп жатыр. Жиында сөйлеген Қазақстан мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің наградасы мен сыйлығын тағайындау концепциясы даярланғанын айтты. Хатшылықтың жұмыс тобы ол концепцияны мақұлдады. Оның сөзінше, сыйлық пен медаль "дінаралық диалогты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін" әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері мен белсенділеріне, қоғамдық және саяси қайраткерлерге беріледі және ол Қазақстанда тапсырылады. Сыйлық үш жылда бір рет, үш адамға берілмек.

Жиынды Қазақстан сенаты спикері Қасым-Жомарт Тоқаев ашып, жүргізіп отыр.

Жиынға әлемдік және діндер өкілдері, түрлі халықаралық діни институттар жетекшілері қатысып жатыр. Жиында Тоқаев кешеден бері өтіп жатқан әлемдік діндердің терроризмге қарсы екені туралы жиын Қазақстанда 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күнімен сай келгенін айтты. Ол терроризмнің идеологиялық негіздері діни жетекшілердің араласуынсыз жойылмайтынын айтты.

XS
SM
MD
LG