Accessibility links

АҚШ консулдығы Алматыдағы акцияға қатысты жуап берді


АҚШ бас консулдығы алдында өткен акция. Алматы, 31 мамыр 2016 жыл.
АҚШ бас консулдығы алдында өткен акция. Алматы, 31 мамыр 2016 жыл.

Алматыдағы АҚШ бас консулдығы қызметкерлері консулдық алдында 31 мамырда өткен бейбіт акцияға қатысты ешқандай әрекет жасамады деп хабарлады консулдыққа сілтеме жасаған Tengrinews.kz сайты.

31 мамырда консулдық алдында "Халықты баспанамен қамтамасыз етейік" қоғамдық ұйымының ипотекаға үй алып, қарызын қайтара алмай жүрміз деген өкілдері "Президентті қорғаймыз" деп аталған акция өткізген.

Наразылық танытушылардың айтуынша, Қазақстанда "жерге қатысты митингілерден" соң АҚШ-та осы айда америкада тұратын қазақтар көшеге шығып қарсылық танытып, Қазақстанда жерді сатпауға шақырған. Олар АҚШ-та қарсылық білдіргендер "Шал, кет!" деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққанын айтқан. Несие алғандардың сөзінше, плакаттағы "Шал, кет!" деген жазу Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты қызметінен кетуге шақыруды білдіреді. "Халықты баспанамен қамтамасыз етейік" ұйымының мүшелері АҚШ-тағы наразылық акциясын "АҚШ-тың Қазақстанның ішкі ісіне араласуы" деп білетінін мәлімдеген.

"АҚШ үкіметі мен Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық миссиясының АҚШ-та өткен Қазақстанға қатысты қарсылық акцияларына ешқандай қатысы жоқ. АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джордж Кроулдың мәлімдегеніндей, қарсылық акцияларын АҚШ үкіметі қаржыландырды деген әңгімелер жалған. АҚШ үкіметі қандай да бір қарсылықты қаржыландырмайды, бірақ АҚШ-та және әлемнің басқа да елдерінде сөз бостандығын қолдайды" деген консулдық Tengrinews.kz сайтына.

XS
SM
MD
LG