Accessibility links

Березовкалық ата-аналар құқық қорғау ұйымынан көмек сұрады


Березовкада талып құлаған оқушыны ауруханаға әкетіп барады. Батыс Қазақстан облысы, желтоқсан 2014 жыл.
Березовкада талып құлаған оқушыны ауруханаға әкетіп барады. Батыс Қазақстан облысы, желтоқсан 2014 жыл.

Батыс Қазақстан облысының Березовка ауылында ата-аналар 1 маусым - халықаралық балаларды қорғау күні Қазақстандық халықаралық адам құқығы бюросынан көмек сұрады. Бұл туралы березовкалық естен танып құлай беретін балаларға қатысты құрылған "Балалар ма, мұнай ма?" деп аталатын коалиция хабарлады. Коалиция құрамына Crude Accountability эколдогиялық құқық қорғау ұйымы мен ресейлік "Әлеуметтік-экологиялық одақ" құқық қорғау ұйымы кіреді.

Ата-аналардың хабарлауынша, 2014 жылдың соңынан басталған оқушы балалардың түсініксіз дерттен талып құлай беруі әлі тоқтамаған. Балалардың кейбірінің жағдайы жақсармай, нашарлай түскен.

Crude Accountability ұйымының мәліметінше, кейбір ата-ана баласын көршілес Ресейге апарып, өз қаржысына дәрігерлік тексеруден өткізіп, емдете бастаған. Ұйым Мәскеуге тексеруге апарылған үш балаға ресейлік дәрігерлер "ми токсиннен уланған" деген деген диагноз қойғанын және одан емделу ұзаққа созылатынын айтқанын хабарлады.

Березовкалық ата-ана Светлана Воскобой биліктен балаларын "дұрыс, жөнді бір дәрігерге қаратуға жетерліктей қаржы бөлуін, өздерінің ол дерт емделе ме, жоқ па соны білгісі келетінін сұрайды.

"Балалар ма, мұнай ма?" коалициясы Березовкаға жақын Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішін игеріп жатқан консорциум құрамындағы Chevron, Eni, BG Group, "Лукойл" және "ҚазМұнайГаз" компанияларын, Қазақстан билігін кеніште улы қалдық шығарылғанын мойындауға шақырады. Коалиция сонымен қатар аталған тараптарды березовкалық балаларды тексертіп, емдетуге және оларға денсаулығына келген зардап үшін өтемақы төлеуге шақырады.

Березовка тұрғындары 2014 жылы балалардың жаппай улануын «ауылға жақын Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кенішінен ауаға тараған улы заттан» көреді. Кенішті игеретін Karachaganak Petroleum Operating компаниясының басшылығы мұны жоққа шығарып, қалдық экологиялық талаптарға сай шығарылған дейді.

2015 жылы шілдеде Қазақстан үкіметі кеніш маңындағы санитарлық қорғау аймағын кеңейтіп, Березовка тұрғындарын көшіру туралы шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG