Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Францияда өтіп жатқан Grand Slam жарыстары санатына енетін Roland-Garros жарысының ширек финалына шықты.
Ол төртінші айналымда испаниялық Карла Суарес Наварроны 7:5, 7:5 есебімен жеңді. Матч екі сағатқа созылды. Путинцева әлемдік рейтингте 60-орында, Наварро 14-орында тұр.
Путинцева Grand Slam жарыстарының ширек финалына алғаш шығып отыр. Енді ол әлемнің бірінші ракеткасы, Roland-Garros-тың былтырғы жеңімпазы, америкалық Серена Уильямспен кездеседі.
Жарыс 5 маусымда аяқталады.