Accessibility links

ЕО Польшаға "заң үстемдігіне қауіп төндірді" деп ескерту жасады


Польша туы (Көрнекі сурет).
Польша туы (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) Польшаға бұл елдің заңның үстемдігіне қауіп төндіріп тұрғаны жөнінде ресми ескерту жасады. "Жұмсаған күш-жігерімізге қарамастан, біз өзімізді толғандыратын проблемалардың шешімін таба алмадық" деді Еуропа комиссиясының вице-президенті Франс Тиммерманс. Ескерту Варшаваны ЕО-да дауыс беру құқығынан уақытша айыруға ұласуы мүмкін. Польша билігінде бұған жауап беруге екі апта уақыт бар.

2015 жылы желтоқсанда Польшаның басқарушы партиясы заңға конституциялық трибунал құзыретіне өзгерістер енгізген. Билікті сынайтындардың ұйғарымынша, ол өзгерістер бойынша конституциялық трибунал заңдарға талдау жасайтын мүмкіндігінен айырылған. ЕО бұл мәселе бойынша үкіметпен келіссөз жүргізіп, қаңтар айында өзгерістердің заңға қаншалықты сай екенін тексеретінін хабарлаған.

Еуропа комиссиясы ЕО-ға кіретін кез-келген мемлекетті еуропалық құндылықтарға "жүйелі түрде қауіп төндіреді" деп санайтын заңдарды өзгертуге мәжбүрлейді. Польшаның әділет министрі және бас прокурор Збигнев Зиоборо Еуропа комиссиясының ұстанымына "таңданып, өкініш білдіретінін" мәлімдеді. Ол үкімет "ымыраға келу жолдарын іздестіруге" дайын екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG