Accessibility links

Алматылық тағы бір белсенді қамаудан шықты


Біржан Мұратбеков әкімшілік қамауға алынғандар отыратын арнайы орыннан босап шығып келе жатыр. Алматы, 3 маусым 2016 жыл.
Біржан Мұратбеков әкімшілік қамауға алынғандар отыратын арнайы орыннан босап шығып келе жатыр. Алматы, 3 маусым 2016 жыл.

Алматыда жер мәселесіне қатысты шеру өтеді делінген 21 мамыр қарсаңында ұсталып, "рұқсат етілмеген митинг ұйымдастыру" бабы бойынша 15 күнге қамалған азаматтардың бірі Біржан Мұратбеков бостандыққа шықты. Мұратбеков 3 маусымға қараған түн ортасында босатылды.

Мұратбековты 19 мамырда Алматының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты "митингіге шақырған үгіт-насихат парағын таратқаны" үшін 15 тәулік әкімшілік қамауға алған.

1 маусымнан бері Алматы, Астана, Шымкент пен Семей қалаларында 15 тәулікке қамалған белсенділер бостандыққа шыға бастаған.

"21 мамырда жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді" деген ақпарат тараған соң мамырдың 17-сінен бастап 30-ға тарта адам ұсталып, 10-15 тәулікке дейін қамалған.

21 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы митингіні полиция болдырмай, оған қатыспақ болған ондаған адамды ұстаған. Ұсталғандардың кейбіріне митингіге қатысты айып тағылып, әкімшілік айыппұл салынған. Ұсталғандар арасында ондаған журналист пен азаматтық белсенділер де болған.

XS
SM
MD
LG