Accessibility links

Карзай: "Талибан" басшысын өлтіру бейбіт процеске кедергі келтіреді


Хамид Карзай, Ауғанстанның бұрынғы президенті.
Хамид Карзай, Ауғанстанның бұрынғы президенті.

Ауғанстанның бұрынғы президенті Хамид Карзайдың сөзінше, "Талибанның" ауған қанатының жетекшісі Мулла Ахтар Мансурдың америкалық ұшқышсыз басқарылатын ұшақ шабуылынан мерт болуы "Талибанмен" қақтығысты бейбір реттеу келіссөзінің келешегіне нұқсан келтіреді.

Кабулде Азаттыққа берген сұхбатында Карзай Ауғанстандағы соғысты "шетел проблемасы" деп атап, Үндістан, Ресей және Иранды қақтығысты бейбіт реттеу процесіне барынша көбірек қатысуға шақырды.

21 мамырда Карзай Мансур қаза тапқан Пәкістанның Белуджистан провинциясына жасалған шабуыл бітімгерлік процесіне зардап келтіргенін мәлімдеген. "Егер бейбітшілікке қол жеткізуді мақсат еткен болса бұлай істемеуі керек еді" деді Карзай. Ол 2002-2014 жылдары президент болған кезінде АҚШ-пен қарым-қатынасы күрделі болған. Карзай әуе шабуылдарын сынап, оынң салдарынан содырлардан гөрі бейбіт тұрғындар көп құрбан болатынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG