Accessibility links

Астанада Құрманбаев пен Рахметов бостандыққа шықты


Астаналық белсенді Құрманғазы Рахметов.
Астаналық белсенді Құрманғазы Рахметов.

Астанада 21 мамыр қарсаңында 15 тәулік әкімшілік қамауға алынған азамтатық белсенділер Аслан Құрманбаев пен Құрманғазы Рахметов бостандыққа шықты. Бұл туралы Азаттыққа бүгін әкімшілік қамауға алынғандар отыратын арнайы орыннан хабарлады.

Құрманбаев пен Рахметов "митингіге шақырғаны үшін" қамалған. Әкімшілік қамауға алынғандар отыратын арнайы орын басшысы Қалмұрат Молдашев Аслан Құрманбаев 3 маусымға қараған түні сағат 3-те, Құрманғазы Рахметов 2 маусымда кешкі сағат 17-де босағанын хабарлады.

Молдашев "митингіге шыққаны үшін" қамалған өзге сотталушылар босатылды ма деген сұраққа ақпарат бере алмайтынын айтты. Астанада бұл айып бойынша нақты қанша адам қамауда отырғаны белгісіз.

"21 мамырда жер реформасына қатысты бүкілқазақстандық митинг өтеді" деген ақпарат тараған соң мамырдың 17-сінен бастап 30-ға тарта адам ұсталып, 10-15 тәулікке дейін қамалған.

21 мамырда Қазақстанның бірнеше қаласында жерді сату және шетелдіктерге ұзақ мерзімге жалға беруге қарсы митингіні полиция болдырмай, оған қатыспақ болған ондаған адамды ұстаған. Ұсталғандардың кейбіріне митингіге қатысты айып тағылып, әкімшілік айыппұл салынған. Ұсталғандар арасында ондаған журналист пен азаматтық белсенділер де болған.

XS
SM
MD
LG