Accessibility links

FIFA бұрынғы басшыларының іс-әрекеті жайлы "айғақтар" барын мәлімдеді


Халықаралық футбол ұйымының (FIFA) бұрынғы президенті Зепп Блаттер. Цюрих, шілде, 2015 жыл.
Халықаралық футбол ұйымының (FIFA) бұрынғы президенті Зепп Блаттер. Цюрих, шілде, 2015 жыл.

Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) бұрынғы президенті Зепп Блаттер, ұйымның бұрынғы бас хатшысы Жером Вальке және оның орынбасары болған Маркус Каттнер үшеуінің соңғы бес жылда халықаралық ұйымға тигізген зиян көлемі 80 миллион долларға бағаланады. Жұма күні жарияланған FIFA мәлімдемесінде аталған үш шенеуніктің жыл сайын өз жалақыларын ұлғайтып, әлем кубогы жарысын өткізгені үшін өздеріне сыйақылар тағайындап және басқадай жолдармен «өз іс-әрекеттерін үйлестіру арқылы баюға тырысқанын» дәлелдейтін айғақтар бары айтылған.

Айғақтар Швейцария прокуратурасы мен АҚШ әділет министрлігіне берілмек.

Бейсенбі күні Швейцария прокуратурасы Цюрих қаласындағы FIFA штаб-пәтеріне тінту жүргізіп, кейбір құжаттарды алған. Прокуратура өкілінің айтуынша, FIFA президенті Джанни Инфантиноға қарсы қылмыстық іс қозғалмаған деп хабарлады ВВС.

Халықаралық футбол ұйымындағы коррупция жанжалы былтыр мамыр айында шыққан еді. Швейцария құқық органдары «пара алған» деген күдікке ілінген ұйымның бірнеше жоғары лауазымды шенеунігін АҚШ-тың сұрауы бойынша ұстаған. Жанжал әсерінен Зепп Блаттер FIFA басшылығынан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Биыл ақпан айында Джанни Инфантино ұйым президенті болып сайланған.

XS
SM
MD
LG